Телефон доверия:
8(7282)23-46-69

Травматология

Травматология бөлімі 30 төсек-орынға арналған. Оның ішінде 5 төсек-орын реабилитацияға бөлінген. 

Бөлімнің мақсаты- Жетісу облысының тұрғындарына шұғыл және жоспарлы кәсіби мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Бөлім дәрігерлері  жоғары кәсіби талаптарға сай, жақын және алыс шет елдерде кәсіби дайындықтан өткен.  Қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетіледі (ТМККБК). Жарақат бөлімінде науқастарды «аяғынан тік тұрғызуға» және соңынан амбулаторлық деңгейде ем қабылдауға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді және тиімді көмек беретін еуропалық заманауи стандарттарға сай жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

Соңғы жылдарда бөлімде "Stryker», «DePuy» конструкциясының ұршықбуын эндопротез имплантациясын, жақсы функционалды нәтижелері бар цементті және цементсіз құрылымды  енгізу тәжірибесі бар. Сан сүйектерінің проксималды бөліктерін сындырып алған науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек, оған қоса ұршықбуынды эндопротездеу, АО жүйелі заманауи имплантты остеосинтездеу көрсетіледі.

2014 жылы тізе буынын тотальды эндопротездеу енгізілген. 2014 жылдың 07 наурызында   м.ғ.д.  С Ленинск-Новокузнецкиидің шеберлік сыныбы  жүргізілді. Түтік тәрізді сүйектің сынуы кезінде түтік тәрізді сүйектің барлық сегменттеріне сыртқы бекіту аппаратын салу  енгізілген.

Бөлімінің меңгерушісі: Алтай Өміржан Алтайұлы - травматолог - ортопед дәрігер. 

Бөлім дәрігерлері:

Гафуров Жасурбек - травматолог дәрігер.

Бошанов Дастан Муратбекович -  травматолог дәрігер

Кумеков Мухтар Толеуханович -  травматолог дәрігер

Травматология бөлімі дәрігерлері келесі ота түрлерін жүргізеді:

  • Бірінші кезеңді оңалтумен буынды толық ауыстыру
  • Сіңірдің орнын ауыстыру немесе тансплантациялау
  • Кезеңді түзетуді қажет ететін аурулар кезінде  берік сүйектерге сыртқы бекіту құралдарын қолдану
  • Иық сүйектерінің сүйек  сынықтарын  экстрамедуллярлы имплантпен  ішкі бекіту арқылы жабық репозиция
  • Кәріжілік және шынтақжілік сүйектерінің сүйек сынықтарын интрамедуллярлы имплантпен  ішкі бекітулі жабық репозициясы
  • Кәріжілік және шынтақжілік сүйектерінің сүйек сынықтарын экстрамедуллярлы имплантпен  ішкі бекітулі жабық репозициясы
  • Сан  сүйектерінің сүйек сынықтарын  экстрамедуллярлы имплантпен  ішкі бекіту арқылы жабық репозиция
  • Торакопластика
  • Ұршықбуын ауыстыру ревизиясы, анықталмаған
  • Тізебуын  ауыстыру ревизиясы, анықталмаған
  • Ірі буындарды эндопротездеуден кейінгі іріңді асқынулар кезінде антибиотиктермен цементті спейсерді қолдану арқылы ревизиялы эндопротездеу
  • Буынның синовиальды қабығының артроскопиялық  криодеструкциясы
  • Иықбуынның  синовиальды қабығының артроскопиялық  криодеструкциясы
  • Шынтақ буынның  синовиальды қабығының артроскопиялық  криодеструкциясы
  • Тізе буынның  синовиальды қабығының артроскопиялық  криодеструкциясы
  • Сирақ-аяқ басыбуынның  синовиальды қабығының артроскопиялық  криодеструкциясы
  • Иықбуын қаптама-байланыс құрылымының артроскопиялық  вапоризациясы
  • Сирақ-аяқ буынының  қаптама-байланыс құрылымының артроскопиялық  вапоризациясы
  • Иықбуынның қаптама-байланыс құрылымының артроскопиялық   пластикасы
  • менискіні артроскопиялық тігу
  • Тізе буыны  байламын артроскопиялық орнына келтіру
  • Тізебуыны қаптама-байланыс құрылымының артроскопиялық пластикасы
  • саусақтың фалангаралық және пястно-фалангалық буынын толық ауыстыру

Правительственные интернет-ресурсы