Телефон доверия:
8(7282)23-46-69

Урология

Урологиялық бөлім 30 төсек-орынға есептелген. Оның ішінде:  20 төсек урологиялық бейінде, 5 төсек отоларингологиялық және 5 төсек жақ-бет хирургиясы бейінінде. Урологиялық бейіннің  негізгі қызметі- зәр шығару жүйесі мүшелерінің ауруын (бүйрек, несепағар, зәр қуығы және зәр шығару каналдары) және ерлдердің жыныс мүшелерінің ауруларын (еркекбез, аталық ұрық безі, жыныс мүшелері ауруларын) дәстүрлі емдеу және заманауи шағынинвазиялық (аз жарақатты) технологияларды пайдалану арқылы хирургиялық емдеу болып табылады.

Бет-жақ хирургиясы бейіні - бет-жақ аумағы ауруларымен ауыратын және жарақаттарын алған науқастарға медициналық көмек көрсету қызметін атқарады.

Оториноларингологиялық бейінде - түрлі құлақ, тамақ және мұрын ауруларымен ауыратын науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Шұғыл және жоспарлы түрде қызмет атқарады.

Урологиялық бөлімде емдеу республикалық бюджет есебінен тегін  медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жүргізіледі.

Бөлімде  жоспарлы және шұғыл  мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

 

Бөлім меңгерушісі: Тұрап Айбол жоғарғы санатты уролог дәрігер

 

 

 

 

 

Дәрігерлер:

  • Тегай Анатолий Петрович – жоғарғы санатты уролог дәрігер
  • Нусупалиев Ильяс Ержанович - уролог дәрігер

Бөлімде урологиялық бейін бойынша келесі ота түрлері  жасалады:

  • Оптикалық лазерлі уретротомия
  • Классикалық, троакарнаяэпицистостомия.
  • Уретеротомия
  • Уретероцистонестомия.
  • литоэктракциялы уретероскопия
  • контактілі-лазерлі литотрипсиялы уретероскопия
  • Бүйректің  жылауығын лапароскопиялы кесіп тастау
  • ұманың варикозды кеңейген көктамырын лапароскопиялық  лигирлеу
  • Аденомэктомия
  • қуықтың дивертикуласын кесіп алып тастау
  • Нефрэктомия, Нефротомия
  • Бүйректің декапсуляциялы нефростомиясы
  • Пиелолитотомия
  • Шимкусу,  Ривоиру бойынша нефропексия
  • Жарақат алғандағы бүйректің резекциясы
  • ЛМС Пластикалары
  • Хольцов, Русаков бойынша үрпі пластикасы
  • үрпі жыланкөзін кес іп алып тастау
  • Сапожков бойынша жыныс мүшесі олегрануллеме кезінде жасалатын оталар
  • Иваниссевич отасы
  • еркекбез шемені кезіндегі оталар
  • еркекбез және қосалқыбез қабынуы кезінде жасалатын оталар
  • крипторхизм кезіндегі орхопексия

Оторинолорингология бейіні бойынша  жүргізілетін оталар:

  • мұрын далдасының сілемейқабықасты резекциясы
  • Мұрынсүйектерінің репозициясы
  • Радикальды жоғарғы жақ сүйек антротомиясы
  • мұрын сыздауығын ашу
  • Фронтальды синусотомия
  • мұрынның қосалқы қуысындағы басқа да манипуляциялар
  • басқа да құралдар арқылы мұрыннан қан кетуді тоқтату

Жақ-бет хирургиясы бөлімінде жүргізілетін оталар:

  • бет аумағын және ауыз қуысының түбін дренаждау
  • ауыздың басқа да эксцизиясы
  • Радикальды жоғарғы жақ сүйегінің  антротомиясы
  • басқа да сыртқы жоғарғы жақсүйектік  антротомиясы
  • төменгі жақ сүйек сынықтарын ашық репозициялау
  • төменгі жақ сүйек аумағында остеоэктомия
  • ауыз қуысындағы басқа да манипуляциялар
  • мұрын қуысын қалпына келтірудің басқа да түрлері
  • тілге жасалатын басқа да манипуляциялар
  • сілемейлі  бездер немесе түтікке түрлі манипуляциялар
  • таңдай жырығын тігу
  • таңдай жырығын түзету
  • таңдайлық тілшікті қалпына  келтіру отасы

Правительственные интернет-ресурсы