Телефон доверия:
8(7282)23-46-69

Емделушілерді қолдау қызметі

Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 58- бабына сәйкес «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана» ШЖҚ МКК-да Емделушілерді қолдау Қызметі құрылған (Ішкі бақылау қызметі/аудит).

Емделушілерді қолдау қызметі және «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана» ішкі аудит құрамы:

Емделушілерді қолдау қызметі және «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана» ішкі аудит бастығы:

  • Д.К. Байболова – директордың бақылау және сапа бойынша орынбасары -23-34-08

Емделушілерді қолдау қызметі мүшелері:

  • Д.К. Байболова- директордың бақылау және сапа бойынша орынбасары -23-34-08 - 23-51-70
  • А. Б. Тәттіғалиева - эпидемиолог дәрігер
  • С.Т Қиялбекова–сарапшы дәрігер  физиотерапия бөлімінің меңгерушісі
  • Д.А. Эрматова -  фармацевт - дәріхана меңгерушісі
  • А.Б Сулейменова-әдіскер дәрігер

Емделушілерді қолдау қызметінің функцияларына медициналық көмек көрсетуде кеткен бұзушылық фактілерін анықтау болып табылады. Осыған байланысты егер Сіз:

  • Көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетілген медициналық қызмет үшін медициналық қызметкердің ақша талап ету фактісімен кездессеңіз;
  • Сонымен қатар, егер Сіз көрсетілетін медициналық көмектің тәртібі және сапасына байланысты басқа да мәселелермен бетпе-бет келсеңіз, Сіз емделушілерді қолдау қызметіне (ішкі аудит) хабарласуға құқыңыз бар.

Емделушінің құқығын қорғау мақсатында қызмет етеді:

  • “Сенім телефоны” – 23-46-69,  бұл нөмір бойынша медициналық қызметкер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзушылық фактісі туралы хабарлай аласыз.
  • “Арыздар мен ұсыныстарға арналған жәшік”, бұл жәшікке аты-жөні, байланыс мәліметтері (телефоны, мекен-жайы) көрсетілген жазбаша хат жібере  (сала) аласыз
  • Сонымен қатар Сіз біздің сайтқа  oblbolnisa-tk.kz «Басшы блогы /топтамасы/» айдарына жібере аласыз

Емделушілерді қолдау қызметі Сіздің хабарламаңызды мүмкіндігіне қарай жуық арада күнтізбелік 5 күннен артық емес мерзімде қарастырып, өтініш немесе арызыңызды қарастыру бойынша Сізге нәтижесімен таныстырған мәлімдеме жібереді.

Емделушілерді қолдау қызметіне ем қабылдап жатқан емделушілердің өзі де, олардың туыстары да хабарласуға құқығы бар.

Біздің ұйымда көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға көмегін тигізетін Сіздердің жіберген талап-тілектеріңіз, ұсыныстарыңыз бен хабарламаларыңызға ризашылықтарымызды білдіреміз.

Аса құрметпен «Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана» ШЖҚ МКК Емделушілерді қолдау қызметі.

Правительственные интернет-ресурсы