Телефон доверия:
8(7282)23-46-69

Смайылов Қуаныш Болатұлы-Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгеруші

Смайылов Қуаныш Болатұлы-Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі, Жетісу облысының бас штаттан тыс хирургы

Қуаныш Болатұлы - Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2007 жылы "Семей қаласының мемлекеттік медицина университетіне" Жалпы медицина факультетіне оқуға түсті. 2014 жылы хирургия мамандығы бойынша интернатурада оқуын жалғастырды. Бұдан басқа, "Трансфузиология" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтіп, "эндоскопия (эзофагогастродусденоскопия, бронхоскопия колоноскопия, ретроградтық холангиопанкреатография)" жалпы хирургиясы, механикалық сарғаюды емдеудің ретроградтық эндоскопиялық әдістері (РХПГ, ЭПСТ, стенттеу), педиатриядағы кеңейтілген жүрек – өкпе реанимациясы (PALS) және "санитариялық-эпидемиологиялық жаңа короновирустық инфекция жағдайындағы қауіпсіздік. COVID-19 патогенезі, диагностикасы, алдын алу" бойнша біліктілігін арттыру туралы куәлігі бар. 

Реанимация бойынша базалық курстан (BLS), кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясынан (ACLS),жарақаттар кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсетудің кеңейтілген курстарынан (PHTLS) өтті. "Қоғамдық денсаулық сақтау" денсаулық сақтау магистрі дәрежесіне ие. 

Жалпы жұмыс өтілі 10 жыл, жоғары санатты дәрігер. "Ақ жол" партиясының "COVID-19 ісінде жанқиярлық күресі үшін" естелік медалімен, Талдықорған қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен және Жетісу облысы әкімінің  Құрмет грамотасымен марапатталған.

Қуаныш Болатұлы "Талдықорған қаласының облыстық ауруханасы" жағдайында асқазан-ішек жолдарының неоплазмасын жоюдың эндоскопиялық аз инвазивті әдістерін, асқазан-ішек жолдарының эндоскопиялық гемостаз әдістерін, өт жолдарынан тастарды алып тастай отырып, ретроградтық холангиопанкреатографияны енгізді. Жедел аурулар кезінде іш қуысы органдарына, кеуде қуысы органдарына операцияның барлық түрлерін, сондай-ақ реконструктивті операциялар, тамырлы, проктологиялық, кеуде операциялары кезіндегі операцияның көптеген түрлерін меңгерген.

Хирургиялық қызметпен қатар эндоскопиямен айналысады.  

Тәжірибеде лапароскопия, гастроскопия, колоноскопия, бронхоскопия сияқты минималды инвазивті диагностикалық әдістер мен хирургиялық араласуларды кеңінен қолданады.

Правительственные интернет-ресурсы